ҚР Қарулы Күштерінің офицерлер құрамы аттестациядан өтеді

Фотография - ҚР Қарулы Күштерінің офицерлер құрамы аттестациядан өтеді

2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінің офицерлер құрамын аттестациялау екі кезеңде өтеді, деп хабарлады ҚМ баспасөз қызметінен

736 0

2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінің офицерлер құрамын аттестациялау екі кезеңде өтеді, деп хабарлады ҚМ баспасөз қызметінен. 

Аттестация жүргізудің басты міндеті - әрбір әскери қызметшінің кәсіби және іскерлік қабілеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау.
Аттестация - әскери қызметшілердің атқаратын лауазымдарына сәйкестіктері мен оларды әрі қарай қызметте пайдалану перспективаларын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қызмет мерзімін ұзартудың орындылығын, әскери қызметшілерді даярлау (қайта даярлау) жұмыстарын жетілдірудің бағыттарын айқындайды. 

Сонымен қатар, аттестация қызмет сатысымен көтерілу үшін әскери қызметшілердің кадрлық резервін қалыптастыру немесе оқуға жіберу және әскери қызметшілерге кемшіліктерді жою жөніндегі кеңестер әзірлеу міндеттерін атқарады.

Биыл Қарулы Күштер офицерлік корпусын жоспарлы аттестациялау 2015 жылғы 12 қаңтар мен 1 қараша аралығында екі кезеңде өтеді. 2015 жылғы 12 қаңтардан 1 маусымға дейін аттестациялаудан батальон (дивизион), база командирі, орынбасарлары және оған тең лауазымдарды атқаратын офицерлер өтеді. Сонымен қатар, қызметте және жеке тәртібінде айтарлықтай кемшіліктері бар офицерлер де тексеруден өтеді. 2015 жылғы 1 маусым мен 1 қараша аралығында өтетін аттестациялаудың екінші кезеңінде қалған офицерлер құрамы атестатталатын болады. 

Аттестация барысын тиімді бақылау мақсатында кезеңдері төрт шағын кезеңге бөлінген.
Екінші кезең екі бөлімнен тұрады. Әр шағын кезең соңында офицерлік құрамды аттестациялаудың қорытындылары БАҚ-та жарияланып, аттестация барысын талдау жұмыстары жүргізілетін болады. Кадр органдардардан басқа, аттестациялауға психологтар, заңгерлер, жауынгерлік даярлық және дене даярлығы офицерлері қатысады.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?