Генерал Жоламановтың соты шегерілді

Фотография - Генерал Жоламановтың соты шегерілді

"Қазақстан қлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы айыпталушының денсаулығына байланысты кейінге шегерілді" деп хабарлайды жергілікті агенттіктер

457 0

азақстан қлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы айыпталушының денсаулығына байланысты кейінге шегерілді" деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Бүгін сотта Нұрлан Жоламанов судьядан қан қысымы көтерілуіне байланысты сот отырысын кейінге қалдыруды сұраған. Сотқа қатысып отырған дәрігерлер Жоламановты тексеріп, қан қысымы көтерілгенін анықтаған.

Сот Жоламановтың жағдайын ескеріп, отырысты ақпанның 2-сіне қалдырды.

Нұрлан Жоламановтың соты қаңтардың 26-сы күні басталған. Оған "пара алды" және "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқарды" деген айыптар тағылған. Жоламанов өзіне тағылған айыпты "саяси тапсырыс" деп атап, мойындаудан бас тартты. 

azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?