«Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер ұзартылды

Фотография - «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер ұзартылды

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер ұзартылды деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

821 0

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер ұзартылды деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.


«Егер бұрын 35% жеңілдік пойыздың жүруіне 44 тәуліктен 40 тәулікке дейін қалғанда ғана берілсе, енді 35% жеңілдікті пойыздың жүруіне 10 тәулік қалғанда билет алған жағдайда және 20 % жеңілдікті пойыздың жүруіне 2 тәулік қалғанда билет алған жағдайда пайдалануға болады»,-делінген хабарламада.


Мұндай жеңілдіктерді «Тұлпар-Тальго» пойызының төмендегі бағыттары бойынша пайдалануға болады: 19/20 Астана-Атырау, 87/88 Ақтөбе-Астана, 79/80 Астана-Шымкент, 77/78 Алматы-Атырау, 49/50 Алматы-Ақтөбе, 89/90 Астана-Қызылорда, 67/68 Астана-Өскемен, 69/70 Алматы-Өскемен, 35/36 Алматы-Шымкент.

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұрын енгізілген «Жастар», «Құрмет» или «Саяхатшы» дисконттық (жеңілдікті) карттарының көмегімен де билет сатып алуға болатынын еске салады.

«Алдын ала билет алудағы 35% жеңілдікті ескерсек дисконтты карталарды пайдаланған жағдайда жолаушы жалпы 52% дейін жеңілдікке қол жеткізе алады»,- деп атап көрсетеді компания.

 

 

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?