Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады деп күтілуде

Фотография - Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады деп күтілуде

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынып, республиканың шығысында ғана аяз сақталады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет".

466 0

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынып, республиканың шығысында ғана аяз сақталады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның барлық аумағына ықпал еткен Сібір антициклоны біртіндеп ыдырап, шығысқа қарай ауысып барады.

"Аязды күндердің орнына біртіндеп әрі нық түрде оңтүстік пен батыстан жылы ауа массалары тарала бастады, олар алдағы үш күнде республикада ауа температурасының орташа климат нормасынан жоғарылауына, кей жерлерде, тіпті, 2-3 градусқа жоғары болуына әсер етеді, Қазақстанның шығысында ғана температура бұрынғысынша нормадан төмен болады", - делінген  3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамында.  

"Қазгидрометтің" мәліметінше, жылы әрі дымқыл ауа массалары республиканың батысы мен солтүстік-батысының кей жерлерінде жауын-шашын, тұман мен көктайғақты қалыптастырады. 

 
 
 
newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?