655

ҚР судьялар одағының Алматы қалалық филиалының төрағасы ауысты

Қазақстан Республикасы судьялар одағының Алматы қалалық филиалының жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды оңтүстік елорда сотының баспасөз қызметі.
Фотография - ҚР судьялар одағының Алматы қалалық филиалының төрағасы ауысты

Қазақстан Республикасы судьялар одағының  Алматы қалалық филиалының жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды оңтүстік елорда сотының баспасөз қызметі. 

"ҚР судьялар одағының  Алматы қалалық филиалында  жаңа құрам сайланып, филиал төрағасы болып   судья  Н.З.Сейітов тағайындалды .    Сот этикасы жөніндегі комиссиясының төрағасы қалалық соттың судьясы З.Б.Кейкібасова сайланды", - делінген хабарламада. 

 

Сонымен қатар, отырыс барысында өткен жылғы жұмыстардың қорытындысын шығарды. Қалалық соттарда қаралған жылдан жылға артып жатқан істердің өсіміне қарап, азаматтардың сот жүйесіне сенімдерінің артқанын көруге болады. Алматы қаласының соттарында ҚР «Медиация туралы» Заңының нормалары жиі қолданылады және істерді қарау үшін кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тартылып тұрады. 2014 жылы медиация тәртібімен 381 іс, оның ішінде 174 қылмыстық, 207 азаматтық (2013 жылы 15 іс, оның ішінде 4  қылмыстық, 11 азаматтық істер қаралған) істер қаралды.

 

"Барлық Алматы қаласы соттарында 117 658 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер қаралып бітті, 2013 жылмен салыстырғанда  24 688 іс немес 20,9% артық көрсеткішке жетті. Жұмыс мөлшерінің күн санап артқанына қарамастан, соттар істерді процессуалдық мерзімдерін бұзбай,уақытылы қарап отырды. Өткен кезеңнің ішінде аудандық соттарға 144 766 іс түскен, 2013 жылы осындай кезеңде 115 006 іс қаралған болатын, яғни 29 760 іс немесе 20,5% артық", - деп пақапараттандырдың соттың баспасөз қызметінде. 

 

014 жылы 78470 азаматтық іс қаралып бітті. Қылмыстық істер бойынша 2014 жылы 4223 іс соттардың қарауынан өтті. Жаза кесілгендер – 2 782 адам, ақталғандар – 33 адам, жағдайға байланысты тоқтатылған істер бойынша – 1639 адамды құрады, 21 адамға медициналық көмек шаралары қолданылды. Жаза кесілгендерге қалалық соттар тарапынан мынадай жазалау шаралары қолданылды: бас бостандығынан айырылғандар - 1 229 –адам, айыппұл – 135 адамға, қоғамдық жұмысқа тартылғандар – 84, бостандығы шектелгендер – 856 адамды құрады, ҚР ҚК 65-69 б.б. бойынша – 65 адам жазалаудан босатылды, шартты түрде сотталғандар – 406 адам, ҚР «Рақымшылық туралы» Заңын қолдану арқылы – 3 адам жазадан босатылды.

 

 

 

newskaz.kz

 
Загрузка...