545

Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын нақтылады

Кеше ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары өтті.
Фотография - Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын нақтылады

Тәжікстан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатысатынын растады. 

Кеше ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары өтті. 

Сапар аясында Тәжікстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Д.Саид, Экономикалық даму және сауда министрі Н.Хекматоллозода және Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Давлатзодамен екіжақты кездесулер өткізілді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінен. 

Тәжікстан Премьер-министрінің бірінші орынбасарымен әңгімелесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары әңгімелесушіні Астанадағы халықаралық көрмені өткізуге дайындық барысы мен ҚР Президентінің «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бастамасы туралы ақпараттандырды. 

Өз кезегінде Д.Саид екі ел арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейі мен қалыптасқан бауырлас қарым-қатынастарды атап өтті. ТР Үкіметінің атынан Саид мырза Тәжікстанның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растап, Душанбе қаласының Астанадағы көрмеде лайықты ұсынылатынына сендірді. 

Экономикалық даму және сауда министрі Н.Хекматоллазодамен ТР Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оған қатысу ережелерінің тұсаукесері ұйымдастырылды. ЭКСПО-2017 Комиссары баламалы энергетиканы жасау және қолданудың жаңа импульсын, әлемнің үздік технологияларын ұсыну мүмкіндіктерін беретін және энергетикалық тиімді бағдарламалардың алға жылжуына көмектесетін аталған көрме аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. 

Онымен бірге, әңгімелесушілер тау-металлургия өнеркәсібі, көлік және логистика, сондай-ақ энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлемдік экономикадағы теріс беталыстарға қарамастан үдемелі дамуы атап өтілді. 

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Давлатзодамен өткен келіссөздердің барысында қазақ-тәжік екіжақты қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды. 

Атап өткенде, түрлі деңгейлердегі сапарлармен алмасуды ұйымдастыру және қазақ-тәжік үкіметаралық комиссиясының сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша кезекті отырысын өткізу, сондай-ақ Тәжікстанда Қазақстан Мәдениет күндерін өткізу мәселесі қарастырылды.

 

ҚазАқпарат

Загрузка...