«Нұрлы жолға» құжат ретінде қарамау керек – Н. Ерімбетов

Фотография - «Нұрлы жолға» құжат ретінде қарамау керек – Н. Ерімбетов

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикадағы жаңа саясат» бағдарламасына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті

409 0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикадағы жаңа саясат» бағдарламасына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. 
 

Бүгінгі таңда ел ішінде аталмыш жобаға қатыс ы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жер-жерлерде ұйымдастырылып жатқандығын тілге тиек еткен Нұрлан Кенжебекұлы «Нұрлы жолға» ресми құжат ретінде қарамау керектігін тілге тиек етті.

- Бұл өзі әрбір отбасында талқыланып, сөз болуы тиіс жағдай. Өйткені, «Нұрлы жолда» тек мемлекеттің экономикалық саяси бағыт-бағдары ғана қамтылмаған. Онда әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартудың тиімді тектіктері мен нақиы бағдарлары көрсетілген. Нақты бірер мысал келтірейін. Осы күндері «Самұрық- Қазынаның» көптеген компаниялары отандық өнім шығаруға ден қоя бастады. Сол сияқты, бизнес-серіктестік компаниялар тауарларды шеттен тасымалдағаннан өз жерімізде шикізати өңдеп, шығаруға күш салуда. Осылайша, үлкен-үлкен алпауыт компаниялар инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөліп жатқаны дасырын емес. Ал мұның артында қауым ел, жергілікті жерлерде дүйім жұртшылық тұратыны белглі. Сол азаматтардың жұмыспен қамтылып, отбасылық жағдайларының жақсаруына тамшыдай болса да үлесі тиеді деп ойлаймын, - деді ол өз сөзінде.

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?