Қазақстандық бизнес өзін-өзі реттеуге көшетін болады

Фотография - Қазақстандық бизнес өзін-өзі реттеуге көшетін болады

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын таныстырылды.

623 0

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын таныстырылды.

Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, заң жобасының мақсаты кәсіпкерлік және кәсіби қызметтің өзін-өзі реттеу институтын енгізу арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру болып табылады. Бұндай институтты енгізу бизнестің өзін-өзі реттеуін дамытуға, экономиканы реттеуді азайту үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ мемлекеттік рұқсат беру жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік бермек.

«Өзін-өзі реттеу - еріктілікке немесе міндеттілікке негізделген, жеке және заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын қызметті өздігінше реттеуге бағытталған шаралар кешені. Осыған орай, өзін-өзі реттеуші ұйым дегеніміз - қауымдастық (одақ) немесе басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілген тауарлар ортақтастығы қағидасы бойынша ерікті мүшелігіне немесе реттелетін кәсіби қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігіне негізделген коммерциялық емес ұйым болып табылады», - деп түсіндіреді Қ. Өскенбаев.

Оның айтуынша, аталмыш институт кәсіпкерлікті дамытып, мемлекет пен бизнес арасында әріптестік өзара байланысты нығайтуға септігін тигізеді.

«Жалпы, Еуропа, АҚШ, Канада елдеріндегі барлық шағын және орта бизнес өзін өзі реттеу ұйымдары арқылы реттеледі. Сондықтан да, аталған елдерде жергілікті тұтынушылар барынша сапалы тауарлар мен қызметтерге ие», - деді Қ. Өскенбаев.

 

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

бизнес

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?