Алматы маңында 7 минут ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Фотография - Алматы маңында 7 минут ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 386 және 397 шақырымда Қытай аумағында аралары 7 минут уақытта екі жер сілкінісі болды деп хабарлайды ҚР БҒМ ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.

576 0

Алматыдан 386 және  397 шақырымда Қытай аумағында аралары  7 минут уақытта  екі жер сілкінісі болды деп хабарлайды ҚР БҒМ ғылым комитеті сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.
Сейсмологтардың мәліметінше, 4,8. Магнитудалық бірінші жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 04-58-де болды.
 «Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 397 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан»,-делінген хабарламада.
4,4 магнитудалық  екінші жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 05-05-те болды.
«Таңғы сағат 05-05-тегі зілзала ошағы да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды»,-деп атап көрсетілген хабарламада.

 

 

 

newskaz.kz


Тегтер:

жер сілкінді

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?