413

Нығматулин министрліктердің жауапты хатшыларымен кеңес өткізді

Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары қатысқан кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызеті
Фотография - Нығматулин министрліктердің жауапты хатшыларымен кеңес өткізді

Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары қатысқан кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызеті.

 

"Кеңесте министрліктердің стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді орындау, персоналды және бюджет қаражаттарын басқару, мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және құқықтық қамтамасыз ету салаларындағы жұмысының өткен жылдағы қорытындылары талқыланды", - делінген хабарламада.

 

Н.Нығматулин жиналысты қорытып, жауапты хатшылар жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жою және Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын мүлтіксіз орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

 

Президент Әкімшілігінің орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының қызметін қадағалау жөніндегі жұмысы бұдан әрі жалғасатын болады.

Загрузка...