372

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, боран және көктайғақ болады деп күтілуде

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіліп отыр
Фотография - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, боран және көктайғақ болады деп күтілуде

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіліп отыр, деп хабарланады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетіні сайтында.

 

Хабарламаға сәйкес, елдің тек шығысы мен оңтүстік-шығысы ғана антициклон тарамында болып, онда жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

 

Түнде Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, жел екпіні 28 м/с дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде кейбір жерлерде тұман түсіп, күндіз жел (15-20 м/с) тұрады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қостанай облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіліп отыр.

 

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысының кейбір жерлерінде күндіз желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел (17-22 м/с) соғады. 

Загрузка...