628

Наурызбай ауданы Алатау ауданының тәжірибесі бойынша дамуы керек

Алматының жаңа ауданы - Наурызбай Алатау ауданының тәжірибесімен дамуы керек. Бұл туралы қала әкімі аудан халқымен есептік кездесуде мәлім етті.
Фотография - Наурызбай ауданы Алатау ауданының тәжірибесі бойынша дамуы керек

Алматының жаңа ауданы - Наурызбай Алатау ауданының тәжірибесімен дамуы керек. Бұл туралы қала әкімі аудан халқымен есептік кездесуде мәлім етті.

Қала басшысының айтуынша, биыл Наурызбай ауданында әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандар бой көтере бастады.

«Ағымдағы жылы Наурызбай ауданында әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандар бой көтере бастады. Өткен жылы ауданның дамуына қалалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді. Биыл 9 млрд теңге қарастырылды», - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, биыл екі мектептің, 4 балабақшаның құрылысы басталып, 2 мектепті сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіледі.

«Сегізінші аудан ең үздік, таза аудан болады. Өйткені, мұнда экология таза», - деді А.Есімов.

 

 

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...