453

«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшалардың жалақысын қысқарту бойынша шешімін өзгертпейді

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтерлар мен металлургтардың жалақысын қысқарту бойынша шешімін өзгертпейді деп жазады өңірлік «Новый вестник» газеті компанияның бас директоры Виджай Махадеванға сілтеме жасап.
Фотография - «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшалардың жалақысын қысқарту бойынша шешімін өзгертпейді

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтерлар мен  металлургтардың жалақысын қысқарту бойынша шешімін өзгертпейді деп жазады өңірлік «Новый вестник» газеті компанияның бас директоры Виджай Махадеванға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Махадеванның жалақыны қысқарту –дағдарыс пен қаржылық қиындықтарға байланысты уақытша шара екенін атап айтқаны хабарланған. Көктемде жағдай өзгеруі мүмкін.

 

Осыған дейін 2015 жылғы 2 ақпанда қаржы жағынан қиындықтар тууына байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шетелдік қызметкерлерінің жалақысын 50%, жергілікті мамандардың еңбекақысын 25% уақытша қысқартқан еді. Аталмыш факті бойынша облыс прокуратурасы Қарағанды облысы еңбек инспекциясына тексеріс жүргізуге тапсырма берді.Тексеріс нәтижесі бойынша заң бұзушылық анықталды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы  2015 жылғы 5 ақпанда сағат 10.00-ге дейін орындау мерзімімен ҚР еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарды. Компанияға заңсыз бұйрықты жоюға ұйғарым шығарылды. Бұдан басқа, мемлекеттік еңбек инспекциясының қаулысымен  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 97-бабы 3-бөлімі бойынша 300 АЕК көлемінде айыппұл төлей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

newskaz.kz

Загрузка...