402

Сенат Спикері Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысуда

6 ақпан күні Мюнхен қаласында қауіпсіздік бойынша 51-ші конференция өз жұмысын бастады. Жетекші саясаткерлер, дипломаттар, қоғамдық қайраткерлер мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін аталған форум қазіргі заманның ең көкейкесті проблемаларын талқылаудың ең танымал әрі беделді әлемдік алаңы болып табылады
Фотография - Сенат Спикері Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысуда

6 ақпан күні Мюнхен қаласында қауіпсіздік бойынша 51-ші конференция өз жұмысын бастады. Жетекші саясаткерлер, дипломаттар, қоғамдық қайраткерлер мен кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін аталған форум қазіргі заманның ең көкейкесті проблемаларын талқылаудың ең танымал әрі беделді әлемдік алаңы болып табылады.

Форумның күн тәртібінде Украинадағы дағдарысты шешу және «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының қызметін басуға қатысты мәселелер, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен.

Форумға президенттер мен үкімет басшылары, сыртқы істер, қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастардың сарапшылары көптеп жиналды. Конференция жұмысының бірінші күнінде НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг, Ұлыбритания, Франция елдерінің қорғаныс министрлері, АҚШ, ҚХР және басқа елдердің жоғары өкілетті өкілдері сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен конференцияға Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда. Ол дипломатия мен халықаралық қатынастардағы  инновациялық ұсыныстарды жасаумен айналысатын мамандар тобына кірді. 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...