697

Б. Сағынтаев ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысымен танысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанада Мемлекет басшысының шағын және орта бизнес кәсіпорындарын «Астана ЭКСПО-2017» нысандарының құрылысына қатысуға тартуға қатысты тапсырмаларын іске асыру аясында көшпелі отырыс өткізді
Фотография - Б. Сағынтаев ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысымен танысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанада Мемлекет басшысының шағын және орта бизнес кәсіпорындарын «Астана ЭКСПО-2017» нысандарының құрылысына қатысуға тартуға қатысты тапсырмаларын іске асыру аясында көшпелі отырыс өткізді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көрме орталығының құрылыс алаңында өткен кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, құрылыс ұйымдары мен аймақтық тауар өндірушілерінің өкілдері қатысты.

Бірінші вице-премьер құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен және көрме мен ЭКСПО-қалашық нысандарының құрылысы үшін материалдарды жеткізу жағдайларымен танысып өтті.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ақпараты бойынша, бүгінгі күні көрме құрылысының бас мердігерлері мен Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндіруші кәсіпорындарының арасында жалпы сомасы 3 млрд. теңгеге 18 келісімшарт орнатылды. Бұдан басқа, ұлттық компания мен Астана әкімдігінің арасында астаналық кәсіпорындардан 50 млрд теңгеден кем болмайтын тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Кеңес қорытындылары бойынша Б.Сағынтаев мемлекеттік органдар мен «Астана ЭКСПО-2017 ҰК»-на ЭКСПО нысандарының құрылысы кезінде аймақтармен отандық тауар өндірушілерді, ШОБ-ты тартуға қатысты жұмысты жандандыруға қатысты бірқатар тапсырмаларын берді. 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...