525

Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасын болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін елордада көшпелі бұлт шығып, қар жаууы ықтимал, бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз -1-3°С болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. «112» қызметінің мәліметінше, Астана - Көкшетау, Астана - Қарағанды бағытындағы тас жолдар көктайғаққа байланысты жабылды
Фотография - Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасын болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін елордада көшпелі бұлт шығып, қар жаууы ықтимал, бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз -1-3°С болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. «112» қызметінің мәліметінше, Астана - Көкшетау, Астана - Қарағанды бағытындағы тас жолдар көктайғаққа байланысты жабылды.

Синоптиктердің болжамынша, 10 ақпанда көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -14-16°С, күндіз -3-5°С болады.

11 ақпанда елордада ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -3-5°С болады. Қар жауып, бұрқасын соғады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

 

 

Загрузка...