453

Таяу күндері басым өңірлерде сулы қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде

Қазақстанда таяу күндері қар жаууы, сулы қар және көктайғақ болады деп күтілуде деп хабарлайды "Қазгидромет".
Фотография - Таяу күндері басым өңірлерде сулы қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде

Қазақстанда таяу күндері  қар жаууы, сулы қар және көктайғақ болады деп күтілуде деп хабарлайды "Қазгидромет".

 

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағындаа демалыс күндері байқалған аномалді жылу Сібірге жылжиды. Оның орнына бізге Ресейдің Еуропа аумағының солтүсті аймақтарынан суық атмосфералық фронттармен байланысты циклон ауысады.

 

"Олармен бірге республиканың солтүстік бөлігіне қар жаууы, боран, 15-25 м/с жел және температураның төмендеу күтіледі. Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстары оңтүстік циклон ықпалында болады, сондықтан мұнда сулы қар, тұман, көктайғақ, шығыста қар, боран, температура төмендейді, бірақ орташа көп жылдық нормадан жоғары ауа-райы сақталады",-делінген 10-12 ақпанға арналған ауа-райы болжамында.

 

 

 

newskaz.kz

Загрузка...