646

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлерiнің жалақысы қысқармайды

«ҚазМұнайГаз» АҚ қызметкерлерiнiң жалақысын әлемде орын алған шарттарға байланысты қысқарту жоспарда жоқ. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiмдедi.
Фотография - «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерiнің жалақысы қысқармайды

«ҚазМұнайГаз» АҚ қызметкерлерiнiң жалақысын әлемде орын алған шарттарға байланысты қысқарту жоспарда жоқ. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiмдедi.

Журнаистердің сауалдарына жауап берген «ҚазМұнайГаз» АҚ басшысы компанияның бюджетi қайта қаралып, ол мұнайдың баррелiне 50 доллар бағамен есептелгенiн тiлге тиек еттi. Оның айтуынша, бұған дейiн қабылданған бюджет шығындары айтарлықтай қысқарған.

«Мамандар саны мен жалақы мәселесiне келетiн болсақ, жұмысшылар саны күрт қысқарып жатқан жоқ. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жүргiзiлiп жатқан трансформация бағдарламасын ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» АҚ құрылымы да оңтайландырылып жатыр», - деген ол трансформация бағдарламасындағы жоспарға сәйкес компания мамандарының жалақысына да тоқталып өтті.

«Жалақы деңгейiне келсек, оны қысқарту жоспарда жоқ есесiне оның көлемiн арттыру да қарастырылмаған», - деп толықтырды ол өз ойын.

 

 

 

BNews.kz сайтынан

Загрузка...