С.Мыңбаев: Бензин бағасы тағы түсуі мүмкiн

Фотография - С.Мыңбаев: Бензин бағасы тағы түсуі мүмкiн

Жанар-жағармай бағасы тағы да арзандауы әбден мүмкін. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiмдедi.

450 0

Жанар-жағармай бағасы тағы да арзандауы әбден мүмкін. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлiмдедi.

 «ЖЖМ құнының арзандауы салдарынан бiздiң зардап шегiп отырғанымыз түсiнiктi. Бағаның төмендеуiнен тұтынушылардың, халықтың пайда көретiнi анық. Нарықтық баға сондай болса, бiз соған сәйкес жұмыс iстеймiз. Бiзде одан басқа қандай таңдау бар? Бұдан басқа амал жоқ. Iшкi нарықтағы ЖЖМ бағасына қатысты болжамдарға келетiн болсақ, министрлiк шектi бағаларды бекiтетiнiн бiлесiздер. Алайда олардың деңгейiн жанар май құю стансаларында реттемейдi», - деген С.Мыңбаев жанармай құю стансаларындағы бензин құны Энергетика министрлiгi белгiлеген шектi бағадардан төмен болып жататынын да атап өттi.

«Болашақта бағаның түсуiн күтiп отырмыз ба деген сауалға келсек, бұл әбден мүмкiн. Себебi, қоймалардағы жанар-жағармайдың жеткiлiктi көлемi одан тезiрек арылу шарттарын туындатады. Оның үстiне, мұнай өңдеу зауыттарына белгiленген жүктеме министрлiк пен мұнай өндiрушi компания тарапынан төмендетiлмеген. Зауыттар өздерiне белгiленген ЖЖМ көлемiн iшкi нарықтарға жеткiзiп отыр. Ал, қоймалардың лық толық екендiгi белгiлi. Сондықтан, болашақта бағаның тағы да арзандауы әбден мүмкiн», - деп толықтырды өз ойын ол.

 

 

 

BNews.kz сайтынан


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?