Қазақстан РФ-дан арзан бензинді шектеуді жоспарлап отырған жоқ

Фотография - Қазақстан РФ-дан арзан бензинді шектеуді жоспарлап отырған жоқ

Қазақстан Ресейден тасымалданып жатқан арзан мұнай өнімдеріне шектеуді қарастырып отырған жоқ деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев.

472 0

Қазақстан Ресейден тасымалданып жатқан арзан мұнай өнімдеріне шектеуді қарастырып отырған жоқ деп мәлімдеді  «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев.

«ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мырзаның айтқаны рас, жанар-жағармай едәуір көлемде бүгінде Ресейден келуде. Бірақ,  көлетін көлемнің мөлшері индикативтік баланспен әр жылға тағайындалған болатын. Алайда, қазіргі таңда Ресейден тасымалданып отырған жағармайдың көлемі индикативтік теңгерімнен көбірек. Мысалы, ашық түсті мұнай өнімдері жылына 1,8 млн. тонна болатын. Сол көлемнен аса бастағанда, әрине, біздің мұнай өңдеуші зауыттарға әсер етеді»,-деді Мыңбаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

"Ресейден келетін жанар-жағармай көлемін шектеу туралы шешім қабылданған жоқ. Бұл тұрғыда тиісті құжаттың жобасы туралы білмеймін. Менің түсінуімше, бұндай шектеу бомайды»,-деп түйді сөзін ол.

 

 

newskaz.kz


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?