648

Қазақстанда алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

Фотография - Қазақстанда алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

Қазақстанда алдағы күндері күн күрт суытады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет".  

"Түнгі уақытта республиканың барлық аумағында температураның 20-27 дейін, кей жерлерде 30-35º аязға дейін төмендейді деп күтілуде", - делінген 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамында.

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік-шығысы оңтүстік циклон әсерінің аумағында болады, мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. 

"18-19 ақпанда түнгі температура 7-12 дейін, кей жерлерде 15-20º аязға дейін төмендейді", - деп көрсетілген хабарламда.

 
 
 
newskaz.kz
Загрузка...