736

Мүлікті заңдастырудан бюджетке қомақты қаржы түсті

Мүлікті заңдастыру акциясы барысында 200 млрд теңгеден астам қаражатқа мүлікті жария ету бойынша өтініштер келіп түсті.
Фотография - Мүлікті заңдастырудан бюджетке қомақты қаржы түсті

Мүлікті заңдастыру акциясы барысында 200 млрд теңгеден астам қаражатқа мүлікті жария ету бойынша өтініштер келіп түсті.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Мүлікті заңдастыру акциясы барысында 200 млрд теңгеден астам қаражатқа мүлікті жария ету бойынша өтініштер келіп түсті, бұл шамамен 1 млрд доллар. Соның ішінде екінші деңгейлі банктерде 69 шот ашылды, оған 10 млрд теңгеге жуық қаражат салынды. Бұл қаржы айналымға түсті», - деп атап өтті министр. 

Оның сөзіне қарағанда, осы соманың үштен бірін иелері уақытынан бұрын алуға тілек білдірген, соның арқасында оның 10 пайызы мемлекет бюджетіне түсті.

«Бюджетке шамамен 300 миллион теңге кіріс кірді. Оның үштен бірі Қазақстан экономикасына салынып отыр,  олар 10 пайыздық алымнан босатылған.Осылайша, бұл қаражаттар жұмыс істей бастады деуге болады», - деп түйді ойын Б.Сұлтанов. 

ҚазАқпарат