621

Демалыс күндері елімізде 25 градус аяз болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде демалыс күндері күн күрт суытады.
Фотография - Демалыс күндері елімізде 25 градус аяз болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде демалыс күндері күн күрт суытады.

Қазгидрометтің мәліметінше, 28-29 наурыз күндері Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында түнде сынап бағанасы -15-20, кей жерлерде -25 градусқа дейін төмендейді.

29-30 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 18-23 метрді құрайтын жел соғады, таулы асуларда екпіні 30 м/с-ке дейін жетеді деп күтілуде. Ал ауа температурасы бұл аймақтарда түнде -3-8 градус суықты көрсетеді.

 

 

BNews.kz сайтынан

Загрузка...