705

Қазақстанда аяз аптаның ортасына қарай түсе бастайды

Қазақстанда аптаның ортасына қарай күн жылынады деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға дүйсенбіде «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Әлия Оспанова.
Фотография - Қазақстанда аяз аптаның ортасына қарай түсе бастайды

Қазақстанда аптаның ортасына қарай күн жылынады деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға дүйсенбіде «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Әлия Оспанова.

«Күн (әзірге) жылынбайды, алайда үшінші тәулікке қарай біртіндеп антициклон біздің республиканың аумағынан кете бастайды, соған байланысты аяз түсе бастайды. Біртіндеп екінші сәуірге қарай аяз түсе бастайды», - деп хабарлады Оспанова.

Оның мәліметінше, таяу күндері республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қардың жаууы жалғасады, желдің жылдамдығы  15-20 м/с болады, көктайғақ болады, шығыста боран соғады.
 
«Еліміздің басқа аймақтарына келер болсақ, мұнда жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, бұл суық антициклонның келуімен байланысты», - деп қосты инженер-синоптик.

Оспанова атап көрсеткендей, Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы  нөл - минус 5 градус шамасында болады, кей жерлерде 10 градус аяз болады.

«Солтүстік-батыста түнде 12-17 градус аяз болады. Солтүстікте, орталықта  15-20 градус аяз, кей жерлерде 10 градус аяз болады.
Шығыста 20-25, кей жерлерде  10-15 градус аяз болады. Оңтүстік-шығыста 10-15, кей жерлерде 5 градус аяз болады», - деп хабарлады  инженер-синоптик.

 

 

newskaz.kz