754

Ыдырысов Бундестаг вице-президентімен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Германия Бундестагының вице-президенті Йоханнес Зингхаммермен кездесті.
Фотография - Ыдырысов Бундестаг вице-президентімен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Германия Бундестагының вице-президенті Йоханнес Зингхаммермен кездесті.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесуде Қазақстанның Германиямен ынтымақтастығы мәселелері және Еуропа Одағы аясындағы өзара байланысы талқыланған. Ыдырысов пен Зингхаммер бұған қоса халықаралық мәселелер, оның ішінде Украина жағдайы мен Иран ядролық бағдарламасы және Ауғанстандағы тұрақтылықты нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасқан.

Германия Қазақстанның Еуропа Одағы елдері арасындағы негізгі сауда және саяси әріптес елдер тобына кіреді. Биыл сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-герман үкіметаралық жұмысшы тобының кезекті отырысы, стратегиялық ынтымақтастық туралы іскерлік кеңес отырысы және Қазақстанда тұратын этникалық немістер ісі жөніндегі үкіметаралық комиссия жиыны өтпек.

Загрузка...