915

ҚР СІМ-де Орталық Азия елдерінің даму және өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды

8 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелері жөніндегі қайта тағайындалған көмекшісі Мирослав Енчамен кездесті.
Фотография - ҚР СІМ-де Орталық Азия елдерінің даму және өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды

8 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелері жөніндегі қайта тағайындалған көмекшісі Мирослав Енчамен кездесті.

Кездесу барысында сұхбаттастар Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қолдаудың түрлі қырларын, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібінің мәселелерін талқылады.

БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі – БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі Өңірлік Орталығының басшысы қызметін атқарған М. Енчаны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, Е. Ыдырысов Қазақстан Ұйымның, далалық миссияларының, қорлары мен бағдарламаларының халықаралық қауіп-қатерлерінің және даму саласындағы мәселелерінің шешімдерінде жетекші рөлін тұрақты қолдайтындығын атап өтті.

«Қазақстанның ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы көп жағдайда жағымды сыртқы ортаның болуына, соның ішінде, ең алдымен Орталық Азияда жағдайдың жағымды болуына байланысты. Сол себепті Қазақстан өңіріміздің саяси тұрақты, экономикалық баянды әрі қауіпсіз дамуына мүдделі, және осы мақсатта, БҰҰ-мен бірлесіп зор кұш жұмсауда, - деді ол. – Біз серіктестерімізбен барлық деңгейлерде дағдылы саяси диалог жүргіземіз, экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге тырысамыз, қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру үшін күш-жігерімізді аямаймыз».

Сұхбаттастар экономикалық мәселелер шешіміне күш-жігер салуды, Орталық Азия елдерінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасау мақсатында мемлекетаралық құқықтық қатынастарды қалыптастыру қажеттілігін атап өтті. Жеке меншік секторларын және кіші мен орта бизнесті нығайту, өңірдің ішкі өңірлік сауда мен транзит-көліктік әлеуетін дамыту, су-энергетикалық ресурстарды бірлесіп пайдалану және тиімді басқару, сонымен қатар, өңір экологиясын тазарту ішкі өңірлік ынтымақтастықтың ең маңызды бағыттары ретінде атап өтілді.

Е. Ыдырысов, сонымен бірге, Қазақстан өңірдегі барлық мүдделердің үйлесімдігін қалайды, және өңір елдері үшін тиімді қатынастар жүйесін құру үшін жаһанды серіктестіктер белсенділігін пайдалануға тырысады.

«Өңіріміздің әрбір елі саяси, экономикалық және гуманитарлық сипаттағы түрлі мәселелер шешімінде басты рөл ойнайды. Қазақстан әрқайсысының ұстанымын құрметтейді, болашақта олармен тығыз байланыста жұмыс істеуге ниетті», - деп атап өтті ол.

Кездесуде, сонымен қатар, Ауғанстандағы жағдайды одан әрі тұрақтандырудың басты шарты ретінде елдің ішкі өңірлік ынтымақтастыққа тартылуының маңыздылығы атап өтілді.

Сұхбаттастар, сонымен бірге, ү. ж. 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне дайындық барысын қарастырып, Съезге БҰҰ жоғарғы деңгейде қатысатындығына сенімдерін білдірді.

ҚР СІМ басшысы БҰҰ Бас хатшысының көмекшісін 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын ілгерілету үрдісі туралы хабардар етіп, азық-түлік, су, энергетикалық және ядролық қауіпсіздік мәселелеріне негізделген науқанның белсенді сипатын атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, Е. Ыдырысов М. Енчеге ҚР мен БҰҰ арасындағы және Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқан ҚР Сыртқы істер министрлігінің Құрмет грамотасын табыстады.

Загрузка...