591

Иран сыртқы істер министрі Қазақстанға сапарлайды

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен ведомствоның басшылық құрамының кезекті жиыны өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Фотография - Иран сыртқы істер министрі Қазақстанға сапарлайды

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен ведомствоның басшылық құрамының кезекті жиыны өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, жиын барысында Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Зарифтің ресми  сапарына дайындық, шет елде президент сайлауына дайындық және өткізу, сонымен қатар өзге де өзекті мәселелер қаралған.

 «Ведомство басшысы ағымдағы жылдың 12-13 сәуіріндегі М.Зарифтің сапарына тыңғылықты дайындалу маңыздылығын атап өтті. Сапар барысында оның ел басшылығымен кездесуі және ҚР Сыртқы істер министрлігінде келіссөздер жүргізуі жоспарланған. Сонымен қатар М.Зариф Қазақ гуманитарлық заң университетінде дәріс оқиды деп күтілуде», - делінген хабарламада. 

 

Загрузка...