913

Ақжарқын Тұрлыбай университтеттен шығарылған жоқ

Қытайда өмір бойы бас бостандығынан айырылған қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбайды әлі университеттен шығармаған, деп хабарлайды Today.kz.
Фотография - Ақжарқын Тұрлыбай университтеттен шығарылған жоқ

Қытайда өмір бойы бас бостандығынан айырылған қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбайды әлі университеттен шығармаған, деп хабарлайды Today.kz.

Қазақ қыздар педагогикалық университеті ректор аппараты жетекшісінің орынбасары Ізбасар Мейірбектің айтуынша, Ақжарқын әлі де филология және әлем тілдері факультетінің үшінші курсында тіркеулі. Ол екі шет тілі негізгі – қытай және қосымшасы – ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алған.

Оқу орнының жетекшілігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен сот шешімі шыққаны туралы ресми растама күтіп отыр. Растама алынғаннан кейін Ақжарқын студенттер қатарынан шығарылады.

Бұл оқиға белгілі бола салысымен ЖОО жетекшілігі СІМ және білім министрлігіне Ақжарқынға құқықтық көмек көрсетуін өтінген. Ендігі кезекте Сыртқы істер министрлігіне студент қызға заңгерлік тұрғыда демеу беру туралы өтініш жазылуы мүмкін.

Загрузка...