ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия Премьер-Министрі Маттео Ренцидің қатысуымен өткен қазақстандық-итальяндық бизнес форумда жалпы сомасы 500 миллион доллар болатын 20 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бизнес форумда қол қойылған негізгі құжаттар ауыл шаруашылығы техникалары өндірісін, машина жасау, азық-түлік, тоқыма өнімдері салаларын, мұнай секторын және құрылыс салаларын қамтиды.
Атап айтқанда: «Исатай» учаскесіндегі барлау және өндіру жобасына қатысудағы үлесін беру жөніндегі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Эни Исатай Б.В.» компаниясы арасындағы келісім;
- ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен италиялық «Tenaris» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен италиялық «Metalfar Prodotti Industriali SPA» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен италиялық «Italcementi Group» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ мен италиялық «Inalca S.p.A.» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен италиялық DRILLMEC S.p.A. компаниясы және Аksai Industrial Park LLP арасындағы ниеттестік туралы меморандум;
- Астана қаласы әкімдігі, Қазақстанның Машина құрастырушылар одағы және «ANIMA» машина құрастыру өнеркәсібінің италиялық қауымдастығы федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить