721

Н. Назарбаев: ЭКСПО бойынша құрылыстан басқа барлық мәселелерде артта қалып келеміз

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы кеңес өткізді.
Фотография - Н. Назарбаев: ЭКСПО бойынша құрылыстан басқа барлық мәселелерде артта қалып келеміз

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы кеңес өткізді.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланған.

Кеңес қатысушыларына қарата айтқан сөзінде Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» көремсіне сапалы дайындалу және өткізу бүкіл Қазақстан үшін маңызды екеніне тоқталды.

«Бұл Қазақстанды, біздің еліміздің мүмкіндіктерін бүкіл әлемге паш ететін басты жоба. Құрылыстан өзге барлық мәселелер бойынша артта қалып келеміз. Осылайша, арнайы комиссар болғанына қарамастан көрмеге қанша ел қатысатыны белгісіз болып отыр. Бізден кейін көрме өткізетін елдер белсенді ақпараттық жұмыс жүргізіп жатыр, ал бізде - тып-тыныш. Келушілерге қандай жағдай жасалады, көрмеден қандай пайда түседі, қанша демеуші тартылуда, ішкі және сыртқы туристер саны қанша болмақ, қандай бұқаралық мәдени шаралар өткізіледі? Нақты түсінік әлі де қалыптаспаған», - деді Қазақстан Президенті.  

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...