Қызылорда облысынан мұнайдың мол қоры табылуы мүмкін

Фотография - Қызылорда облысынан мұнайдың мол қоры табылуы мүмкін

Қызылорда облысында жер қыртысын терең зерттеу жұмыстары басталды. Мамандар жер қыртысының төменгі қабатынан мұнайдың мол қоры табылатынынан үмітті.

389 0

Қызылорда облысында жер қыртысын терең зерттеу жұмыстары басталды. Мамандар жер қыртысының төменгі қабатынан мұнайдың мол қоры табылатынынан үмітті.
Қызылорда облысында геологиялық барлау жұмыстары 20 жылдан бері жүргізілмеген. Бүгінде 4 жоба жасақталып, Қармақшы ауданындағы Ақбұлақ ұңғымасы бұрғылануда.

Тіректі-параметрлік ұңғыма тәулік бойы үздіксіз қазылады. 2 ауысым бойынша жұмысқа қабылданған 80 адам бұрғылау жұмыстарын 3 жарым мың метр тереңдікке дейін жүргізеді.

"Қазіргі таңда 353 метр тереңдікке дейін қазып үлгердік. 2 бағана жібердік. Алдағы уақытта ұңғыманы тереңдету жұмыстарын жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Осы ұңғыма арқылы біз осы аумақтағы шикізат қоры жайлы нақты мәлімет алатын боламыз", – дейді учаске басшысы Сағадат Аманқосов.

Бұл жерден тек қана мұнай емес, газ да шығуы мүмкін
"3 жарым мың метр жер арнайы зерттеуден өтеді. Бұл жерден тек қана мұнай емес, газ да шығуы мүмкін. Басқа да шикізат түрлері шығуы мүмкін. Сондықтан болашағы зор", – дейді облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.

Геологиялық-геофизикалық барлау жұмыстары сондай-ақ Сырдария, Шиелі, Жаңақоған аудандарында да жүргізілуде. Әсіресе қарт Қаратаудың қойнауында пайдалы қазба байлығы жетерлік. Бүгінде Ақжар және Дарбаза рудалы кеніштерінде тау-кендік іздеу-бағалау шаралары басталған.

"Қазіргі кезде біраз учаскелерде алтын шығып жатыр. Оған ары қарай жұмыстар жүргізіліп, зерттеп, қорын үлкейтеміз деген үміттеміз. Табылған пайдалы қазбалар облысымызды, экономикамызды ары қарай өркендетуге біраз үлесін қосады деген үміттеміз", – дейді аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Шәкизат Қалбергенов.

Шикізат қорларын анықтаумен бірге облыс аумағындағы жерасты су көздерін тауып, тиімді пайдалану жұмыстары да қатар жүргізілмек. Жалпы бұл мақсатта 5 миллард теңге жұмсалмақ.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!