Қырғыз премьері қазақстандықтарды Ыстықкөлге демалысқа шақырды

Фотография - Қырғыз премьері қазақстандықтарды Ыстықкөлге демалысқа шақырды

Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев қазақстандықтарды Ыстықкөлге жиі демалысқа келіп тұруға шақырды.

167 0

Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев қазақстандықтарды Ыстықкөлге жиі демалысқа келіп тұруға шақырды. Бұл туралы Шолпан-Ата қаласында премьердің қазақстандық әріптесі Кәрім Мәсімовпен кездесуі барысында белгілі болды.

Кездесу Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Қырғызстанға жасаған жұмыс сапары барысында өтті.

«Елдегі қоғамдық ахуал тыныш, қазақстандықтардың Ыстықкөлге демалысқа келуін Құдайдың өзі бұйырған», - деп атап өтті Т.Сариев.

Кездесу барысында қос тарап Алматы-Шолпан Ата жолының құрылыс мәселесін де талқылады. Қырғыз премьерінің пікірінше, жол құрылысын таяу уақытта аяқтау қажет. Аталған жол Кемин, Михайловка арқылы өтеді деп күтілуде. Автожолдың ұзындығы 250-260 шақырымды құрамақ. Қырғызстан жағындағы жолдың бөлігі салынып қойған.

Өз кезегінде К.Мәсімов Қазақстан автожол құрылысы мәселесін қолдайтынын жеткізді.

Айта кетсек, Қазақстан Премьер-министрі Ыстықкөлге жұмыс сапарымен келген еді.

 

 

BNews.kz сайтынан

 


Тегтер:

Ыстықкөл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!