К.Мәсімов "Алматы – Шолпан-ата" тас жолының құрылысын жылдам бітіруді тапсырды

Фотография - К.Мәсімов "Алматы – Шолпан-ата" тас жолының құрылысын жылдам бітіруді тапсырды

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматы – Шолпан-Ата тас жолының құрылысын жылдамдату керектігін айтып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді.

199 0

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматы – Шолпан-Ата тас жолының құрылысын жылдамдату керектігін айтып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді. Бұл жайында Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев қазақстандық әріптесімен кездескеннен кейін тілшілерге берген сұхбатында айтып берді. Қос елдің үкімет басшылары кеше Шолпан-ата қаласында бірқатар келіссөздер жүргізген болатын. Ал, аталған тас жолдың ұзындығы шамамен 250-260 шақырымды құрайды.

"Қазіргі таңда Алматы мен Тамшыны жалғайтын авиарейс бар. Бірақ бұл аздық етеді. Біз енді автокөліктерге арнап жайлы тас жол салуымыз керек. Бұл жол Кемин арқылы Михайловкаға дейін барады. Біздің жақтан Кеминге дейін жол салынып қойылған" деді Темір Сариев.

Кәрім Мәсімов те аталған тас жолдың құрылысын қолдайтынын атап өтті.

"Менің ойымша, таудағы жол да дұрыс (таудағы асфальт төселмеген жол). Біз екіжақты келісімге келіп, аталған жолмен тұрғындарға жаяу қатынау мүмкіндігін туғызбақпыз. Адамдар Қырғызтанның табиғатын осылайша тамашалай алады" деді ҚР Премьері. 

 

baq.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!