Ә. Жақсыбеков: Елорданы дамыту жұмыстарын жетілдіру қажет

Фотография - Ә. Жақсыбеков: Елорданы дамыту жұмыстарын жетілдіру қажет

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалағымен өткен кезекті аппарат отырысы барысында қалада санитарлық нормаларды қамтамасыз ету және қоғамдық тамақтану саласына қойылатын талаптар, сондай-ақ, бөлшек сауда мәселелері талқыланды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

152 0

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалағымен өткен кезекті аппарат отырысы барысында қалада санитарлық нормаларды қамтамасыз ету және қоғамдық тамақтану саласына қойылатын талаптар, сондай-ақ, бөлшек сауда мәселелері талқыланды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкім тұрғындарға қызмет көрсететін мекемелер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай тексеруден өтулері керек екенін ескертті.

- Кейбір мекемелер өндіріс мәселесіне, техперсоналдың жұмысына қажетті көңіл бөлмейді. Сондықтан тиісті құзыретті қызметтер, олардың қатарында Тұтынушылардың құқықтарғын қорғау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы бар, бұл мәселеге тиісті бақылау жүйесін қамтамасыз етулері қажет, - деді әкім.

Қалалық қызметтердің жұмысы туралы айта отырып, елорда басшысы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай барлық тапсырмаларды орындау керектігін ескертті. Ә. Жақсыбеков 2016 жыл ауқымды шараға дайындықтың қорытынды жылы екенін және ол уақытқа дейін барлық мақсаттар діттеген межеге жетуі керектігін атап өтті.

- Жоспарларымызды қайта қарап шығуымыз қажет, атқарылған істер мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын шаруаларды сараптау керек. Тұрғындар елорданың дамып жатқанын сезінулері үшін олардың өмірін көркейтіп, әл-ауқатын арттыруы қажет. Біздің мақсатымыз – барлық жасалып жатқан жұмыстарды одан әрі жетілдіре түсу – абаттандыру, тазалау, халыққа қызмет көрсету түрлерінің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, бұл процесске бизнес құрылымдарды тарту, - деп қорытындылады әкім. 

 

 

baq.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!