Қазақстанда ерекше брендтер пайда болады

Фотография - Қазақстанда ерекше брендтер пайда болады

Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлiмдедi

264 0

Қазақстанда жаңа брендтер қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлiмдедi. 

"Бұл трансұлттық корпорацияларды, «зәкірлі инвесторларды» тартумен Қазақстанда әзірленген инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар. Аталған шаралар Қазақстанның жаһандық брендтерін қалыптастыру жолында KAZBRANDS экспорттық брендтерін қолдаудың бірыңғай әдісі аясында біріктіріледі.Осы әдісті жүзеге асыру нәтижесінде орта мерзімді келешекте қазақстандық экспорттық брендтердің бағасы артса, ұзақ мерзімді келешекте сыртқы нарықтарда «Қазақстанда жасалған» тауар белгісі құрылады және нығаяды", - деп атап өтті Әсет Исекешев.

"Сонымен қатар, KAZBRANDS экспорттық брендтерін қолдау шаралары ағымдағы шикізаттық емес экспортты қолдау бағдарламасына біріктіріледі", – деген министр бұл шаралар қазақстандық өндірушілердің сыртқы нарыққа ұзақ уақыт қатысуын қамтамасыз етіп, еліміздің халықаралық беделін арттыратынын айтты.

 

 

BNews.kz сайтынан

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!