С. Нұрбек: Қазақстанда кәсіби мемлекеттік қызметкерлер жоқ

Фотография - С. Нұрбек: Қазақстанда кәсіби мемлекеттік қызметкерлер жоқ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихатын өткізген «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек қазіргі кезде Қазақстанда кәсіби мемлекеттік қызметкерлер жоқ деп мәлімдеді.

849 0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихатын өткізген «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек қазіргі кезде Қазақстанда кәсіби мемлекеттік қызметкерлер жоқ деп мәлімдеді.

- Көңілге кірбің ұялатса да айтпауға болмайтын бір мәселе – қазіргі кезде Қазақстанда кәсіби тұрғыда жетіліп, қалыптасқан мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Түрлі салаларда жұмыс істеп, базалық тәжірибе жинақтаған мамандардың мемлекеттік қызметке келуі – бұл азаматтық санаттағы мемлекеттік қызмет болып табылады. Тіпті, менің өзім бір кездерде заңгер ретінде мемлекеттік қызметте болдым. Сол сияқты қоғамдағы агроном, экономист, заңгер сынды азаматтық саладағы білімдерімен мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылданып келеді. Десек те, бұл қызмет оларды кәсіби тұрғыда жетілген мемлекеттік қызметкер деңгейіне көтере алмайды. Осыдан соң ол 5-10 жыл сол қызметін үздіксіз атқарып, мол тәжиребе, біліктілігін арттырғанымен ол бәрібір де азаматтық сала бойынша мемлекеттік қызмет атқарған маман болып қала береді. Ал кәсіби мемлекеттік қызметкер ретінде қалыптасуың үшін қайсыбір шет мемлекеттердегідей арнайы мемлекеттік қызмет мамандығын оқып, осы салаға қатысты тиісті бағытта тәрбиеленіп, біліктілігіңді арттырып, тіпті, мемлекеттік қызметкер ретінде рухпен жігерлену керексің, - деді Саясат Нұрбекұлы.

Сонымен қатар, кәсіби мемлекеттік қызметкер санатына қатысты пікірін нақтылай түскен спикер, Қазақстандағы кәсіби мамандардың қалыптасуы үшін қызметтік сатылардан өту арқылы лауазым өсіру мәселесіне тоқталып өтті.

- Кәсіби мемлекеттік қызметкер дайындау жолында біз әр маманымыздың осы саладағы қызметің ең төменгі сатысынан бастап жоғары қарай өсу жайын негізге алуымыз керек. Яғни, білікті кәсіби маман даярлау үшін алдымен оны арнайы оқу орындарында оқытып қана қоймай, түрлі деңгейлік қызметтік сатылардан өткізіп, тәжірибемен қатар тұрақты түрде біліктілігін де арттырып отыруымыз керек, - деді.

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!