Қазақстандағы әрбір алтыншы жемқорлық қылмыс білім беру саласында жасалады

Фотография - Қазақстандағы әрбір алтыншы жемқорлық қылмыс білім беру саласында жасалады

Қазақстандағы әрбір алтыншы жемқорлық қылмыс білім беру саласында жасалады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалы төрағасаның орынбасары Сапар Ахметов жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес отырысында айтты.

375 0

Қазақстандағы әрбір алтыншы жемқорлық қылмыс білім беру саласында жасалады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалы төрағасаның орынбасары Сапар Ахметов жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес отырысында айтты. 

Оның айтуынша, білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар жуырда партияның республикалық жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің отырысында талапқа сай емес деп танылды.

"Аталған статистика республикалық деңгейге тиесілі, дегенмен Астана қаласындағы жағдай да осыған ұқсас. 2014 жылы тіркелген барлық жемқорлық қылмыстардың әрбір алтыншысы білім беру саласында жасалған. Ал әкімшілік қызметкерлері арасында осы сала ең жемқорлық жайлаған сала болып саналады, ол 37 пайыздан артық көрсеткішке жеткен", - дейді ол.

С.Ахметовтің айтуынша, 2013 жылы Қазақстанда 145 жемқорлық қылмыс тіркелген. 2014 жылы олардың саны 252-ге дейін артты. Білім беру саласындағы жемқорлық қылмыстардың көбеюінің басты себебі - заңнамаларда қарама-қайшылықтардың көп болуы және осы саладағы басқарушы мамандардың біліктілік деңгейінің төмендігі, соның салдарынан бюджет қаражатының оңды-солды шашылуы.

Сонымен қатар бұл салада мемлекет қаражатын қымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу сияқты қылмыстар да көптеп кездеседі.

"Білім беру саласындағы пара алудың ең көп тараған себептері ЖОО-ға түсу, емтихан тапсыру, білім ошақтарында оқымаған адамдардың дипломдар мен аттестаттар алуы, балаларды балабақшаға немесе жалпы білім беретін мектепке орналастыру кезінде және басқа да жағдайларда кездеседі", - дейді С.Ахметов.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!