Кешенді тестілеудің екі күнінде сегіз талапкер ең жоғары балды жинады

Фотография - Кешенді тестілеудің екі күнінде сегіз талапкер ең жоғары балды жинады

Елімізде кешенді тестілеудің екі күнінде сегіз талапкер ең жоғары 100 балды жинады.

357 0

Елімізде кешенді тестілеудің екі күнінде сегіз талапкер ең жоғары 100 балды жинады.

«Бүгінде талапкерлерді кешенді тестілеудің (ТКТ) 2 күні өткізілді. 18-19 шілдеде тестілеуге 33143 талапкер қатысты, оның ішінде сынақты 22358 талапкер қазақ тілінде, 10785 талапкер орыс тілінде тапсырды. Тестілеудің бірінші күні 8 ТКТ өткізу пунктінің базалық жоғары оқу орындарында, ал екінші күні ТКТ өткізу пунктінің 38 базалық жоғары оқу орнында өткізілді», - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мүмкін болған ең жоғары 100 баллды
сегіз талапкер жинады.

Айта кетейік, кешенді тестілеудің нәтижелері тестілеу өткізілген күні ақпараттық тақталарға ілініп, Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына орналастырылды. Нәтижелерді көру үшін тестілеушінің жеке кодын (ТЖК) және талапкердің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!