68 қазақстандық спортшы Лос-Анджелестегі Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысады

Фотография - 68 қазақстандық спортшы Лос-Анджелестегі Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысады

68 қазақстандық спортшы Лос-Анджелесте 21шілде мен 5 тамыз аралығында 15 спорт түрі бойынша өтетін Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысады.

243 0

68 қазақстандық спортшы Лос-Анджелесте 21шілде мен 5 тамыз аралығында 15 спорт түрі бойынша өтетін Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысады. Спорттық шара туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында "SpecialOlympics" бас директоры Ольга Бахарева айтып берді.
Оның айтуынша, атлеттер 15 алтын, 15 күміс және 15 қола медальді жеңіп алуды көздеп отыр.

"Қазақстан интернаттарынан, арнайы мектептер мен отбасыларынан шыққан 20 мыңнан аса бала жазғы және қысқы спорттың 24 түрі бойынша жыл сайынғы жаттығулар мен сайыстарға қатысып, жыл сайын облыстық және республикалық жарыстарға қатысып отырады. Қазақстанның құрама командалары Еуропаның Арнайы Олимпиада ойындарына, сондай-ақ, 1991 жылдан бастап  екі жылда бір рет Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысып отырады", - деп атап өтті "SpecialOlympics" бас директоры Ольга Бахарева. 

1991 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі 630 қазақстандық спортшы  12 Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарына қатысып,  198 алтын, 180 күміс пен 132 қола медальді жеңіп алды. 

"Халықаралық алаңдардағы жарыстарға қатыса отырып, біздің ұйым, жаттықтырушылар мен спортшылар халықаралық қауымдастық ортасында Қазақстанды әлеуметтік даму деңгейі жоғары демократиялық ел ретінде танытып, отанымыздың беделін нығайтуға үлес қосып келеді", - деді Бахарева. 

Оның айтуынша, Қазақстанда ақыл-ойының кемістігі бар 100-ден аса бала мен жастар өмір сүріп отыр. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!