"Нұр Отан" Ермегияевты қатарынан шығармақшы

Фотография - "Нұр Отан" Ермегияевты қатарынан шығармақшы

"Нұр Отан" партиясы "Астана ЭКСПО-2017" құрылысына бөлінген ақшаның 4 млрд. 200 млн. теңгесін жеп қойды деген күдікпен ұсталған осы компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевты өз қатарынан шығару мәселесін көтерді.

446 0


"Нұр Отан" партиясы "Астана ЭКСПО-2017" құрылысына бөлінген ақшаның 4 млрд. 200 млн. теңгесін жеп қойды деген күдікпен ұсталған осы компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевты өз қатарынан шығару мәселесін көтерді. Бұл туралы партияның Астана филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов мәлімдеді.

"Бұл мәселе қазір біздің аумақтық "Бірлік" филиалында талқылануда, ол сол жерде есепте тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінде қоғамдық кеңестің отырысы өткеннен кейін шешім қабылданады. Біз ол туралы хабарлаймыз", – деді Ахметов.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары сондай-ақ "Астана ЭКСПО-2017" ҰК экс-басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтің партия мүшесі емес екенін, ал ұлттық компания құрылыс департаментінің бұрынғы бастығы Қажымұрат Үсеновке қатысты мәселенің партияның Алматы филиалында шешілетінін айтты.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 11 маусымында Талғат Ермегияев мемлекет басшысының өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бастығы қызметінен босатылды. 12 маусымда Астананың Алматы аудандық №2 соты Қылмыстық кодекстің 176-бабы, 4-бөлімінің "б" тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") бойынша Ермегияевты екі ай мерзімге үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. 18 маусымда Астананың №2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевтың мүлкіне тұсау салды.

Жақында мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Айгүл Шайымова тергеу кезінде Ермегияевтың пара ретінде қолма-қол 4 миллиард 200 миллион теңге ақша алғаны анықталғанын жария етті. Сот 10 лауазымды тұлғаға қатысты шара қолданды.

Айта кетейік, қазір Ермегияевтен басқа, жоғарыда аталған Суламбек Баркинхоев пен Қажымұрат Үсенов те тергеліп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!