ЕХРО-2017 көрмесінде қақталған қауын ОҚО-ның бренді болуы мүмкін

Фотография - ЕХРО-2017 көрмесінде қақталған қауын ОҚО-ның бренді болуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов қақталған қауынды ЕХРО-2017 көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысының бренді ретінде шығаруды ұсынды.

289 0

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов қақталған қауынды ЕХРО-2017 көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысының бренді ретінде шығаруды ұсынды. 

Өңір нарығын отандық тауарлармен қамту мәселесі талқыланған жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов импорттық тәуелділіктен арылу басты міндет екенін баса айтты.

«Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздегі аграрлық шаруашылық өркендеген өңірлердің бірі. Ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен жыл бойы қамту – өзекті міндет. Осы орайда ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймаларды заманауи талаптарға сәйкестендіріп, өнімдерді жыл бойы сақтауға және қажетті логистиканы дамытуға жағдай жасау керек», - деді әкім.

Асқар Мырзахметов жауаптыларға ішкі нарықты қажетті өнімдермен жыл бойы қамтып отырған шаруаларға мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды тапсырып, облыстың бренді ретінде қақталған қауын өнімін ЕХРО-2017 көрмесіне шығаруды ұсынды.

 

 

Bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!