"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 150-ден астам әскери қызметші түнгі далалық атысқа кірісті

Фотография - "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 150-ден астам әскери қызметші түнгі далалық атысқа кірісті

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 150-ден астам әскери қызметші түнгі далалық атысқа кірісті. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 40398 әскери бөлімінің 150-ден аса әскери қызметшілері далалық жаттығуларды жүзеге асырды.

174 0

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 150-ден астам әскери қызметші түнгі далалық атысқа кірісті.
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 40398 әскери бөлімінің 150-ден аса әскери қызметшілері далалық жаттығуларды жүзеге асырды. Күннің ыстығына қарамастан 1- ші мотоатқыштар батальонының жеке құрамы, оның ішінде үш мотоатқыштар ротасы, минаатқыш батареясы және атуды қолдау ротасы әскери бөлімнен 45 км жерде орналасқан "Изенді" оқу-жаттығу полигонына барып, аталған ауданға қажетті әскери техникаларды жөнелтті.

Жауынгерлер далалық жағдайда бір апта уақытын өткізеді. Түнгі уақытта олар АК-74 және Драгунов мерген винтовкасынан атуды орындады. Күндіз тактикалық-саптық жаттығулар мен әскери көліктерді жүргізуге кірісті. Осылайша, жеке құрам өзінің жауынгерлік даярлығын нығайтып, күндізгі және түнгі уақыттағы далалық жағдайда жауынгерлік тапсырмаларды орындауға бейімделеді.

"Осындай далалық жаттығулар бөлімшелер командирлері үшін ерекше тәжірибелік сабақ болып табылады. Олар жеке құраммен ұрыс іс-қимылына келтірілген жағдайларда жұмыс істеп үйренеді; жауынгерлер үшін бағыт-бағдар беретін, үлгі саналатын командирдің күрделі тапсырмаларының қыр-сырын үйренеді. Кез-келген операцияның сәтті аяқталуы командирдің іс-қимылының дұрыстығына байланысты", - деп "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы атап өтті.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!