Наурызбай ауданында сел жүрді (сурет, бейне)

Фотография - Наурызбай ауданында сел жүрді (сурет, бейне)

Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

346 0

Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

23 шілде, шамамен түнгі екілерде ауданда екі сағатқа созылған сел жүрді.

"Мен сел жүрген жерде болдым. Қалалық штаб жұмыс істеуде. Қалаға еш қауіп жоқ. Тек Жандосов-Яссауи, Дружба мен Ақжар ауылдары лай басу аумғына кіріп тұр. Дүрбелең салмай сабырлық сақтауларыңызды өтінем", - деп жазыпты өз парақшасында Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының бастығы Санжар Боқаев.

Сондай-ақ, Боқаев эвокуацияланған адамдарды 176 орта мектеп ғимаратына орналастырып жатқандығын хабарлады. Қазіргі уақытта 191 адам көшірілген.

"Адам шығындары жоқ, тек шарушылық құрылыстар бұзылған, көліктерді басып қалған. Сел Қарғалы өзенінің арнасымен жүрген. Арнайы қауіпсіздік қызметкерлері платинаның бүтіндігін тексерді – ол сау тұр, қазіргі кезде шлюздер ашылып, су азайтылуда", - деді Боқаев.

Қаладан шыға берісте көлік кептелістері орын алуда. Қалалық қызметтер қаладан шығуға еш себеп жоқтығын айтады.

Қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин де қазіргі кезде аймақты тік ұшақпен қарап жүргенін хабарлады. Сағат тоғызда оқиға орнында брифинг өтеді.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!