Бүгін Қазақстанның басым аумағында өткінші жауын жауады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым аумағында өткінші жауын жауады

Қазақстанның басым аумағында күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн ашық болады.

188 0

Қазақстанның басым аумағында күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн ашық болады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматы, Батыс Қазақстан, түнде Павлодар, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Жамбыл, Қызылорда өңірлерінде, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым аумағында, сонымен қатар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінің кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

BNews.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!