10 тамыздан бастап мектептерде оқулық беріле бастайды

Фотография - 10 тамыздан бастап мектептерде оқулық беріле бастайды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева алдағы тамыз айының 10-нан бастап еліміздің барлық мектептерінде оқулық беріле бастайтындығын мәлімдеді.

180 0

- Өздеріңіз білесіздер, оқу жылы басталғанда біздің қоғам кітап ала алмай жүргендерін айтып қазан айына дейін дүрлігеді. Биыл осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатымен біз, оқушыларға кітап беру кезеңін 10 тамыздан бастап таратуды қолға алмқпыз, - деді Жаңыл Алпамысқызы.

Департамет директорының айтуынша, оқулық үлестіру кезеңінің өзін арнайы кестеге сай жүргізбек екен.

- Яғни, 10 тамыздан бірінші сынып оқушыларына кітап берсек, 11-інде 2,3-сынып, ал 12 тамызда 4, 5-ші сыныптарға кітап таратылады деп жоспарланған. 18 тамыздан бастап 11-сынып балаларын оқулықпен қамтитын боламыз, - деді ол.
 
baq.kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!