Қазақстанда 250 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады

Фотография - Қазақстанда 250 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады

2014 жылғы жағдайға сәйкес, елімізде 259 мың адам қант диабетімен ауырады, олардың арасында 1600 бала бар

321 0

2014 жылғы жағдайға сәйкес, елімізде 259 мың адам қант диабетімен ауырады, олардың арасында 1600 бала бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық ғылыми медициналық орталығының эндокринолог маманы Нәйла Тоқтарова мәлім етті. 

«Бүгінгі таңда қант диабетімен ауырып, мүгедек болып қалатын адамдар жиі кездесетін болды. Яғни, қант диабетін уақытылы емдемесе, адам көру қабілетінін айырылады, болмаса, аяқ-қолы кесіледі. Қант диабетінің екінші түрімен ауыратын науқастардың жасы 35-65 жас аралығында. Яғни, жұмысқа жарамды жастағы адамдар осы ауруға көп шалдығатын болған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2014 жылғы жағдайға сәйкес, елімізде қант диабеті ауруымен тіркелген адамдардың саны 259 мыңнан асады, олардың арасында 1600 бала бар»,-деген Н.Тоқтарова қант диабетімен ауыратын науқастар инсулиндік терапияға көп жүгінетінін айтты.

«2013 жылы инсулинге мұқтаж науқастадың саны 47 мың адам болса, 2014 жылы ондай науқастардың саны 51 мыңнан асты. Яғни, бір жылда 9 пайызға артқан. Жалы, бүгінгі таңда қант диабетімен ауыратын науқастады дәрі-дәрмекпен қамту деңгейі тұрақты жағдайда»,- деп толықтырды ол.

 

 

BNews.kz сайтынан

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!