Қарғалы өзенінде селдің өтуі жайында ақпарат беру үшін "қауырт желі" іске қосылды

Фотография - Қарғалы өзенінде селдің өтуі жайында ақпарат беру үшін "қауырт желі" іске қосылды

Алматыда сел тасқыны салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсететін "қауырт желі" іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.

172 0

Алматыда сел тасқыны салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсететін "қауырт желі" іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.

"Алматы қаласындағы Қарғалы өзені бойындағы селдің өтуі жөнінде ақпарат беру үшін ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің дағдарыс жағдайларын басқару орталығында (Астана қаласы) - 533279, 323289; Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 8-727-2742219 қауырт желі телефондары жұмыс істеуде", делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше оқиға 23 шілде күні түнгі сағат 03:00 шамасында орын алып, көлдегі бөгеттің бұзылуынан 40 мың текше метр су асқан. Тасқын су Қарғалы өзеніне құйып, одан асқан су Алматы қаласының үш ауданын ішінара басып өтті. Соның ішінде Наурызбай ауданы сел тасқынынан көбірек жапа шегіп отыр. Сонымен бірге Қарғалы өзені бөгеті маңынан 1036 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!