Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ысиды

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ысиды

Еліміздің оңтүстігі мен шығыс облыстарында күн қайта ысиды деп хабарлайды "Қазгидромет".

171 0

Еліміздің оңтүстігі мен шығыс облыстарында күн қайта ысиды деп хабарлайды "Қазгидромет".

«Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында аптап ыстық орын алады» делінген ҚР ІІМ ТЖК сайтында ілінген хабарламада.

Ал, еліміздің қалған өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде өтпелі жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнайды, жел күшейіп, дауыл тұруы да ықтимал. Тек, оңтүстік, оңтүстік-батыс және шығыс аймақтарда ауа-райы жауын-шашынсыз. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-батысында тұман түседі.

Ақмола, Жамбыл, күндіз Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында жел күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. 

 

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!