eGov пайдаланушыларының саны 4 миллионға жетті

Фотография - eGov пайдаланушыларының саны 4 миллионға жетті

Қазақстанның электрондық үкіметі порталында 4 миллионыншы пайдаланушы тіркелді, деп хабарлайды электронды үкіметтің баспасөз қызметінен.

355 0

Қазақстанның электрондық үкіметі порталында 4 миллионыншы пайдаланушы тіркелді, деп хабарлайды электронды үкіметтің баспасөз қызметінен. 

eGov-тың мерейтойлық пайдаланушысы Ақтөбе қаласының тұрғыны Анна Вендер болып шықты.

eGov танымалдылығы күннен күнге артып келеді. Бұдан 7 ай ғана бұрын портал пайдаланушыларының саны 3 миллион белгісінде болды. Ал өткен жылдың сәуір айында бұл сан 2 миллионды құрады.

Пайдаланушылар санының артуы кездейсоқ емес - жыл сайын порталда қызметтердің саны артып келеді. Мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу арналары кеңейіп жатыр. eGov қызметтерін ХҚКО-да, қарапайым компьютер арқылы, қоғамдық қол жеткізу пунктілерінен, eGov мобильдік қосымшасы және SMS-арнасы арқылы пайдалануға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі.

Өткен жылдан бастап электрондық үкімет порталы пайдаланушыларды жеке басты куәландыратын құжаттардың, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы, автокөлікті техникалық байқаудан өткізу керектігі, айыппұлды өтеу қажеттілігі және басқалары туралы хабарландырады.

Айта кетейік, eGov.kz электрондық үкімет порталы 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына онлайн қызметтер көрсетеді. 2015 жылдың 1 шілдесіне қарасты электрондық үкіметпен 100 миллионнан астам электрондық қызмет көрсетілді. 2014 жылы БҰҰ электрондық үкіметтің даму рейтингінде Қазақстан 2012 жылмен салыстырғанда 10 сатыға көтеріліп, 28-ші орынға ие болды.

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

eGov

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!