Астана - Теміртау автожолы 2016 жылдың соңында аяқталады

Фотография - Астана - Теміртау автожолы 2016 жылдың соңында аяқталады

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов Қарағанды облысына іс-сапары барысында

518 0

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов Қарағанды облысына іс-сапары барысында, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы «Орталық-Оңтүстік» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы көшпелі жиын өткізді.

Ұлттық компанияның жетекшісі "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Астана – Рождественка – Киевка – Теміртау автожолдарында орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөліктерді тексеріп, мердігер ұйымдардың есебін тыңдады.

Қазіргі уақытта Анар-Теміртау тасжолының жалпы ұзындығы 92,7 шақырым болатын 4 бөлікте құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба негізінде жолды әлде қайда жоғары техникалық дәрежеге ауыстыру көзделген. Жетілдірілген көпір құрылыстарымен және әр түрлі сатыдағы замануй көлік айырымымен 4 жолақты жол болады. 65,3 шақырым жолға цемент-бетон төселеді, 27,6 шақырымның үстіңгі қабаты қиыршық тас-мастикадан жасалған асфальт-бетон төсемімен қапталады.

Жалпы алғанда облыс тұрғындары үшін құрылыс жүргізіліп жатқан бөліктерде 1000-нан аса жұмыс орындары құрылып, 405 дана техника жұмылдырылған. 4 цементбетон зауыты, асфальтбетон зауыты, 4 бетон-төсегіш кешені жұмыс істеуде.

Жыл соңында Астанадан Теміртауға дейін бір жолақта көлік қозғалысын ашу жоспарлануда. Автожол толығымен «ЭКСПО-2017» қарсаңында 2016 жылдың соңында аяқталады. "Астана-Теміртау" автожолын қайта жөндеуден өткеннен кейін 4 жолаққа кеңейтіліп, І техникалық дәрежеге жатқызылады.

Сондай-ақ, Теміртау-Қарағанды, Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналымы, Ақсу-Аюлы-Ақшатау, Қарағандыдан Сарышағанға дейінгі бөліктердің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Ермек Қизатов жиынды қорытындылай келе компанияның Қарағанды облыстық филиалының және мердігер ұйымдардың жетекшілеріне облыстағы республикалық автожолдардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылау қажеттігі туралы бірқатар тапсырмалар берді. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жолдар сапалы әрі уақытында орындалуы керек»,- дегенді қадап айтты. 

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!